Шымкент қаласының теміржол вокзалы жекеменшік компанияға, сенімгерлік басқаруға берілді

Шымкент қаласының теміржол вокзалы жекеменшік компанияға, сенімгерлік басқаруға берілді

Сатып алу құқығынсыз. Жаңа басшы, электрондық сауда алаңында анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқарушы тұлға тендерде көРсетілген талаптарды орындап, 10 жыл ішінде вокзал қызметін жүйеге қоюы керек. Ол үшін жұмыс орындарын сақтап, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауы тиіс. Вокзалдың өткізу қабілетін тәулігіне 2 мыңнан 6 мыңға дейін ұлғайтып, ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуі керек. Теміржол вокзалы 2021 жылдан бастап мемлекет меншігіне өткен. Бірақ нысанды күтіп ұстау үшін бюджет қаржысын пайдалануға, заң тетіктері рұқсат бермейді. Содан бері бірқатар қиындықтар туындап, мәселе қордаланып қалған.

Мұхтар Қоқанбаев, қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

- Өкінішке орай жергілікті атқарушы органдарда теміржол инфрақұрылымын күтіп ұстауға немесе оны дамытуға қаржы қарауға құзыры жоқ екен. Соның салдарынан біз демеушілір есебінен бүгінгі күнге дейін ұстап келдік. Ол компаниямен қабылдау-өткізу АКТ-не қол қою рәсімдері жүргізілуде.