Қарин«Конституцияға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заң жобасына қатысты пікір білдірді

Қарин«Конституцияға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заң жобасына қатысты пікір білдірді

Мемлекеттік кеңесшісі  Парламенттің бірлескен отырысында қабылданған «Конституцияға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заң жобасына қатысты пікір білдірді. Ерлан Қариннің айтуынша, реформалардың жаңа пакеті саяси жүйенің өзгеру процесін аяқтайды. Енді барлық негізгі саяси институттарды қайта іске қосу міндеті тұр.

Оның бірінші кезеңі Жолдауда жарияланған президенттік сайлау болады. Өзінің телеграм арнасында Мемлекеттік хатшы «Бүгін Парламент қабылдаған саяси реформалардың пакеті Қазақстанның жаңа демократиялық модельге көшкенін білдіреді» деп жазды. Бұл модельде Президент бір мерзімге қайта сайлану құқығынсыз сайланады, оның үстіне бұл норма өзгеріссіз қалады және қайта қарау мүмкін болмайды. Сондай-ақ Конституциялық сот судьяларының өкілет мерзімі президенттік және парламенттік өкілет мерзімдерінен ұзақтау болмақ. Бұл реформалардың пакетін бұрын іске асырылған конституциялық реформамен бірге қарау қажет. Ерлан Қариннің айтуынша, жаңа мемлекеттік модель биліктің ұдайы ротациялануын, саяси жүйенің болжамдылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етеді және тұтастай алғанда, мемлекетіміздің одан әрі дамуын тек демократиялық бастауларда, саяси бәсекелестік негізінде баянды етеді.