Абай облысында дәрігер тапшы

Кривинка ауылында басы ауырып, балтыры сыздаған науқастарды қарайтын  дәрігер жоқ. Жақында осылай жаны қысылған бір адам көмек келгенше көз жұмған.

Айсұлу Мұсажанова, Кривинка ауылының тұрғыны:

- Үлкен адам енді. Сол ауырған ғой. Содан пока Семейден врачтар келгенше әлгі кісі қырылдап, жүріп кетіпті дейді. Ауылымда бір медсестрамыз да жоқ. Сөздің шыны керек енді.

Ал, елді мекенде 200-ге жуық адам тұрады. Оларға бұған дейін қалтқысыз қызмет көрсеткен дәрігер бала күтімімен үйде отыр. Енді орнына маман табылмай жатыр.

Тілек Байзақов, Жетіжар ауылдық округінің әкімі:

- Енді қазіргі уақытта іздеп жатырмыз. Қазір ауылға көп жаңа специалистер келе қоймайды. Өйткені ауылда, ауылдық округтерде өзіңіз білесіз өте қиын тұруға қазіргі уақытта.

Бұл бір ғана Кривинкадағы жағдай емес. Осы округке қарасты Жетіжар, Лесное, Грачи ауылдарына екі - ақ медбике бекітілген.

Меруерт Зияданова, медбике:

- Ауданда бас дәрігер біледі. Егер мейірбике болса жібереді анда. Бірақ шақыртуларға біз барамыз. Бізде адам жетіспейді. Акушерка жоқ бізде. Бірақ ауданда біледі что акушерка жоқ бізде.

Жергілікті билік өкілдері бұл мәселе 2023 жылы шешіледі деп отыр. Жоспар бойынша, Бесқарағай ауданында 10 медициналық пунк салынады.

Алмас Тастенбеков, Бесқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы:

- Актілері белгіленген. Оның ішінде Кривинка ауылы да бар. Сол қазіргі таңда акті жасап, сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Әзірлену процесі уже басталды.

Әлі оларды жас мамандармен қамту мәселесі бар. Ал, адамдарға аудан орталығы тым алыс. Оның үстіне 100 шақырым жерге екінің – бірі бара бермейді. Өйткені, жол нашар.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Медет Өмірхан