2025 жылдан бастап дәрігерлерді лицензиялау жүйесі енгізіледі

Бұл туралы  денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

Оның айтуынша, әрбір медициналық қызметкер өзінің лицензиясы үшін басымен жауап беру керек.  Бұл заң жобасы қабылданса, лицензиясыз дәрігерлер ешқайда жұмысқа тұра алмайды. Бұл саладағы қызмет сапасы мен дәрігерлердің мәртебесін арттыру үшін жасалмақ. Сондай-ақ, министр жыл сайын медицина қызметкерлерінің үстінен шамамен 300-ге жуық қылмыстық іс қозғалатынын айтты. Оның көбі хирургиялық бейіндегі мамандарға қатысты болған. Себебі бұл бағытта өлім-жітім тәуекелі жоғары.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Көптеген жұмысын дұрыс атқара алдмаған дәрігерлер, бір ұйымнан шығып келесі ұйымға жұмысқа тұрып жатады. Бұл заң жобасы бойынша әр медициналық қызметкер өзінің лицензиясымен жауап береді. Яғни лицензиясы болмаса жұмыс жасай алмайды. Ешқайда жұмысқа тұра алмайды.