Jusan Bank клиенттері миллионер атануда

Достарына ақша аударып, такси қызметін төлеп, киноға билет сатып алу сынды қарапайым тапсырмаларды орындағандар күнделікті ұтыс ойынына қатысады, деп хабарлайды «хабар 24».

Екі айға ұласатын науқанның соңында бір жеңімпаз электромобиль тақымдайды. «Игі істер үшін миллион ұтып ал» деп аталатын ойынның шарттары мен алғашқы жеңімпаздары анықталды. Бүгінде Jusan bank-тің жеңілдіктер мен науқандар маусымы қыза түсті. Алматы қаласының тұрғыны Данияр Жұматай бір жылдан бері банктің қызметін пайдаланып келеді. Бесінші қыркүйекте басталған ұтыс ойынының тапсырмаларын бұлжытпай орындаған. Нәтижесінде, миллион теңгенің иегері атанды.

Данияр Жұматай, қала тұрғыны:

Осы қосымша арқылы кіріп көрдім, ойын қиын емес. Өйткені күнделікті оңай тапсырма орындау керек болды. Аударымды үш рет жасадым есімде, ал сатып алу оны да екі, үш рет істедім.

Бүгін Даниярмен қатар алғашқы миллион теңгеге ие болған  өзге де жеңімпаздар Қарағанды және Жамбыл облыстарының, Астана мен Шымкент қалаларының тұрғындары марапатталды. «Жусан банк» клиенттеріне арналған науқан әлі жалғасады. Екі айдан аса уақыт ішінде 63 жеңімпазға 63 миллион теңгенің сертификаты табысталады. Ал, қорытынды ұтыс ойынына қатысу үшін екі айда 20 тапсырманы орындаса жеткілікті.

Әсел Нұрмағамбетова, Jusan Bank бөлшек желілерді дамыту департаментінің директоры:

– Біздің акция алтыншы қарашада аяқталады. Сол кезде қорытынды ұтыс ойынын өткіземіз. Онда бір жеңімпаз Тесла электрокөлігін жеңіп алады. Ұтыс ойыны тікелей эфирде біздің әлеуметтік желідегі арнамызда өтеді. Сондықтан барлығы ашық әрі әділ болады.

Әрбір игі іс марапатқа лайықты. Ол үшін бар болғаны Jusan қосымшасын жүктеп, тіркеуден өткен соң әр күн сайын мың теңге көлеміндегі бір тапсырманы орындау жеткілікті. Нақтырақ айтсақ, дүкеннен зат сатып алу, жақыныңызға аударым жасау немесе кофе алып беру сынды қарапайым операциялар тапсырма болып есептеледі. Жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Кенже Амраев