Астанада тәртіп сақшылары тренингтен өтті

Тергеу кезінде айыпталушының құқығын бұзатын заңсыз әрекеттердің жолын кесу маңызды. Бүгінгі күні құқық қорғау органдарында «күш көрсетіп, ақиқатқа жетемін» дейтін полицейлер жоқ емес. Тиісінше, бұл тәртіп сақшыларының абыройына кір келтіріп, халықтың сеніміне селкеу түсіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы олқылықтың алдын алу мақсатында елордада студенттер мен жас мамандарға арналған тренинг өтті. Практикалық сабаққа еліміздің барлық аймағынан 200 жүзден аса адам қатысты. Оларға білікті тергеушілер мен криминалистер оқыс оқиғада қалай жұмыс істеу керектігін айтып, із кесудің құпияларымен бөлісті.

Марат Ахметжанов, ҚР ішкі істер министрі:

– Жас тергеушілерді әрбір осындай жағдайлар қасақана адам өлтірген жерде, зорлау, жол апаты болған жағдайларда практикада тәжірибелі тергеушілер мамандар көрсетіп, қалай айғақтарды жинау керек, қалай тергеу амалдарын жүргізу керек, заңды бұзбайтын амалды жүргізу керек. Сондықтан біз соны ойлап отырмыз, мұндай жақсы әдіс тәлім-тәрбие жинап, ертең болашақ жұмыстарында қолданып, әділ, заңды шешім қабылдауға өзінің септігін тигізеді деп.