Ақтөбе облысында үш мыңға жуық ресейлік тіркелген

Ақтөбе облысында үш мыңға жуық ресейлік азамат тіркелген. Бұл туралы көші-қон қызметінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Анықталғандай, қазір қаладағы халыққа қызмет көрсету орталығының бірінде шетелдіктер үшін бөлек қабылдау жүріп жатыр. Ертеңнен бастап тағы да бір сектор іске қосылмақ. Онда ЖСН нөмерлері берілетін болады. Сондай-ақ ресейліктер көбейгелі учаскелік полицейлер заңбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында арнайы іс-шара өткізеді. Оның қортындысы кейін жария етілмек. Жалпы, жыл басынан бері өңірге келген шетелдіктер тарапынан тұрақты тұру үшін де өтініш түскен.

Сапар Амантаев, көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы:

– Тұрақты тұрғылықты тұруға рұқсат алу деген мемлекеттік қызмет. Ол бойынша 14 адам өтінішпен жүгінді. Енді яғни олардың әлі де құжаттары бар жинайтын.