Жамбыл облысынан 1300 бозбала әскер қатарына алынады

Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мәліметінше, 100-ден аса жігіт бірер күнде аттануға дайын отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарбаздар десанттық әуе әскерлері мен теңіз жаяу әскерінде Отан алдындағы борышын өтейді. Әскери комиссарлар шақырылғандардың 5 пайызы ғана денсаулығына байланысты міндетін өтеуге жарамсыз болғанын айтады. Ал жоғары оқу орнының студенттері мен ауылдық жерде қызмет етіп жүрген педагог дәрігерлер әскерден босатылады. Қалған жағдайда жалтарғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 3 млн тг айыппұл салынады немесе бір жылға дейін қамалуы да мүмкін.

Олжас Көпенов, әскерге шақырылушы:

– Өзім шештім армияға барам, Отан алдындағы борышымды өтеймін деп. Осы десантный штурмовой войска деген армандаған войскама жеттім. Осы войскаға түсем. Осы войсканы 4-5 ай болды күтіп жүргеніме бару үшін. Қазақстандағы әр азаматтың өзінің борышы.