Қостанайда Ұлттық ұлан өкілдері ардагерлермен кездесті  

Қостанайда Ұлттық ұлан өкілдері ардагерлермен кездесті  

Қостанайда Ұлттық ұланның ақпараттық-насихат тобы жүр. Сапардың мақсаты – әскери қызметшілер мен тұрғындарға Президент жолдауын түсіндіру, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жастарды қазақстандық патриотизм және конституциялық борышқа адалдық рухында тәрбиелеу, Отан қорғаушылардың беделін нығайту. Ақпараттық насихат тобы осы бағытта мәдени-танымдық іс-шаралар өткізді. Қарттар үйіндегілерге сый-сыяпат тарту етті. Соғыс ардагері, жыршы-термеші Қасымхан Алдабергеновпен кездесіп, қарт майдангердің естелік әңгімелерін тыңдады.

Қайрат Үмбетов, ҚР Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары:

– Бұдан бөлек, балалар үйінде тәрбиеленуші жеткіншектермен кездесеміз. Одан әрі Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің арнайы концерттік бағдарламасын көпшілікке ұсынатын боламыз.