Қазақстан құрылысшылар одағы президенттікке кандидатты ұсынды

"Қазақстан құрылысшылар одағы" президенттікке өз кандидаттарын ұсынды.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясына Талғат Файзуллиұлы Ергалиевтің құжаттары келіп түсті. Айта кету керек, бұл одақ басшысының саяси бәйгеде алғаш бақ сынауы емес. Талғат Ерғалиев осыдан үш жыл бұрын елімізде өткен Президенттік сайлауға қатысуға ниет білдірген. Алайда кейін белгілі бір себептермен өз өтініш қайтып алды.