Астанада Павлодар облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астанада Павлодар облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Осы демалыс күндері елордаға Павлодар облысының шаруалары, кәсіпкерлері келіп, өз өнімдерін саудалады. Сөрелерде ет, сүт, балық, май, бал сынды тауардың 70-тен астам түрі бар. Павлодарлықтар елордаға 300 млн теңгенің 520 тоннаға жуық өнімін әкелген. Оның 60 тоннасы ет. Жалпы бұл жәрмеңкеде бағалар нарықтағыдан 15-20 пайыз арзан, дейді ұйымдастырушылар. Астанадағы бұл жәрмеңке ертең де жалғасады.  

Нұрболат Мақашев, Павлодар облысы ауылшаруашылығы басқармасының басшысы:

- Бұндағы ең басты мақсат Астана қаласының тұрғындарына ауылшаруашылығы тауарларын делдалсыз сату. Былайша айтқанда шаруашылықтардан халыққа тікелей сатылады. Сол себепті де ол шаруашылыққа да ыңғайлы, халыққа да ыңғайлы.