Қазақстандықтардың 70 пайыздан астамы сайлауға қатысуға дайын

Қазақстандықтардың 70 пайыздан астамы Президент сайлауына қатысуға дайын. Олардың 30 проценті дауыс беру әділ әрі ашық түрде өтетініне сенімді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қоғамдық пікір» зерттеу институты жүргізген әлеуметтік сауалнама осындай нәтижесі көрсетті. Президентікке кандидаттың бойында қандай қасиет болу керек деген сауалға тұрғындардың басым көпшілігі адамгершілігі мол, әділ, жоғары білімді және ел алдында абыройлы тұлға болуы тиіс деп жауап берген. Іріктеуге 18-ден жоғары жастағы барлық облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан 1200 респондент қатысты. Зерттеу телефон арқылы сауал жолдау тәсілі арқылы жүргізілген.