«Адал сайлау үшін» штабының өкілдері студент-жастармен кездесті

Республикалық «Адал сайлау үшін» штабының өкілдері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттерімен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматыға арнайы келген заңгерлер жастарға сайлау заңнамасының ережелерін түсіндіріп берді. Жиналғандардың арасында 18-ге енді толған жастар да болғандықтан кездесудің маңызы ерекше. Сайлау туралы құқықтық кеңес алғысы келген тұрғындар Қазақстан заңгерлер одағының арнайы парақшасындағы номерлерге хабарласса болады.

Ермек Әбдірасұлов, республикалық «Адал сайлау үшін» штабының мүшесі:
- Ең алдымен сайлаушылардың құқығы. Оны қалай қорғау керек, не істеу керек? Мысалы, осы сайлау процесінде көп сұрақтар туып жатады. Мысалы, тізіге кірмей жатады. Оны біздің міндетіміз – ең алдымен осыны түсіндіру.