Қостанайда диқандар еңбегі еленді

Биыл Қазақстан бойынша 22 миллион тоннадай астық жиналса, соның төрттен бірі қостанайлық диқандардың үлесінде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бітік шыққан бидайды шашау шығармай жинап алған егіншілердің еңбегі қандай құрметке де лайық. Еліміздің астықты аймағы Қостанайда ауылшаруашылығы қызметкерлері күніне арналған жиында мол ырыстың негізін қалағандарға ерекше сый-құрмет көрсетілді. Бұл Қостанайда жасалатын азық-түлік өнімдерінің көрмесі. Нан, сүт, ет өнімдері елімізде, сыртқы нарықта қашанда сұранысқа ие. Ал биылғы маусым жергілікті тауар өндірушілеріне тиімді болды. Облыс диқандары бес миллион тонна астық жинады. Бұл республика бойынша екінші көрсеткіш. 

Архимед Мұхамбетов, облыс әкімі:

Биылғы жылы ауыл шаруашылығын қолдауға қыруар қаржы құйылды. 112 млрд теңге. Соның ішінде 57 млрд теңге. Биыл ол форвардтық сатып алу және «Кең дала» бағдарламасы бойынша қаржыландырылды. Келесі бағыт ол 45 млрд теңгедей ауыл шаруашылығы қызмткерлеріне субсидия төленді.

Шағын шаруа қожалықтары мол пайдаға кенелетініне сенімді. Ең бастысы баға көңілден шығады.

Серік Төлекбаев, шаруа қожалығының басшысы:

– Орташа есеппен 11,2 ц егін алдық Шөп мал азығын да толық дайындап алдық. Күздің бір күні қыстық өмір дейді ғой. Сол сияқты биылғы жылды әдемі аяқтадық деп ойлаймын.

Мал шаруашылығын дамыту да басым бағыттардың бірі. Жыл соңына дейін үш сүт-тауарлы ферма ашылады. Арқалықта он мың мал басына  арналған бордақылау алаңының құрылысы басталды. Егіс алқаптарын әртараптандыру үрдісі жалғаса бермек.    

Арман Әбенов, облыс әкімінің орынбасары:

– Майлы дақылдардың алқаптары 748,3 мың га жетті және өткен жылға қарағанда 141 мың га ұлғайды. Соңғы бес жыл ішінде егіс алқаптарын әртараптандыру шеңберінде майлы дақылдардың алқаптары барлығы 1,7 есеге ұлғайды.

Жылды қорытындылаған салтанатты жиында озат еңбеккерлер министрлік және облыс әкімінің мақтау қағазымен марапатталды.

Данияр Сұлтанұлы, Сергей Трахтенберг