Мемлекет басшысы әскерилерге арнайы наградалар табыс етті

Сондай-ақ бүгін Президент Республика күніне орай алғаш рет әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсырды. Елдің тыныштығын, жердің тұтастығын кірпік қақпай күзетіп, мемлекеттің қалқаны болған азаматтардың мерейін үстем етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі заманда ахуалдың күрделі екеніне тоқталып, елдің қауіпсіздігін сақтау маңызды міндет деді. Мемлекет Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға, оларды заманауи қару-жарақпен және техникамен жарақтандыруға ерекше көңіл бөліп отырғанын жеткізді. Сондай-ақ қасиетті тәуелсіздігімізді, елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін қорғаныс әлеуетімізді дәйекті түрде нығайтып, бүкіл күштік құрылымдардың қызметін жетілдіре беретінін айтты. Қастерлі Отанымызды, қасиетті тәуелсіздігімізді қорғау – әр азаматтың перзенттік парызы екеніне тоқталып, марапат алғандарды республика күнімен құттықтады