Өскемендегі Достық үйіне 30 жыл толды

Шығыс Қазақстан облыстық «Достық үйіне» – 30 жыл. Атаулы мереке елімізде қайта жаңғырған Республика күні мейрамымен тұспа-тұс келіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан мерейтойға арналған салтанатты жиын өтіп, ел бірлігін сақтауға үлес қосқан белсенді азаматтарға құрмет қошемет көрсетілді.

Айта кету керек, еліміздегі ең алғашқы Достық үйі осы Өскеменде ашылған болатын. Бүгінде ынтымақ пен бірлік жолын насихаттап отырған үлкен қара шаңыраққа айналған. Қазақстан халқы ассамблесы аясында құрылан Достық үйлерінің қоғамдағы маңыздылығын  ешкім жоққа шығара алмайды. Еліміздегі ең алғашқы Достық үйі осы Өскеменде ашылып, көпке үлгі болған еді. Лео Богданов мәдени ошақты ашуға мұрындық болған, идея авторларының бірі. Қазір орталықтың үлкен қара шаңыраққа айналғанына қуанады.

Лео Шик, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі:

– Ел бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығару керек. Мемлекеттік тілді білу, өзге ұлт мәдениетін сыйлау – осының барлығы ынтымақтың негізін қалайды.

Сондықтан да Достық үйлеріне жүктелген міндет оңай емес.

Дильбар Самбаева Алтай қаласы татар ұлттық этномәдени бірлестігінің жетекшісі:

– Еліміз үшін бейбітшілікті сақтаудың маңызы жоғары. Әр Қазақстандық азамат осыны жете түсінсе деймін. Біз де осы жола еңбек ете бермекпіз.

Қоғам құндылықтарын дәріптеудің ең мықты жобалары да осы мәдени орталықтарда жүзеге асып жатыр.Демек Достық үйлерінің қызметі бұрынғыдан да кең насихатталу қажет.

Ғалым Шойкин, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы:

– Этносаралық қатынас өте маңызды, мына ішкі саясат, мемлекетттік саясаттың ең маңызды бағыты деп айта аламыз Сондықтан тірлік қашан болады,бірлік болғанда. Халықтың арасындағы ел бірлігін қамтамасыз етіп жатсақ, біз міндетті түрде басқа да салалларда барлық мақсатқа  жетеміз.

Өскемендегі Достық үйінің отыз жылдығы  мәртебесі қайта жаңғырған Республика күні мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр.

Даниал Ахметов, облыс әкімі:

– Республика күнін қайта жаңғыруы бүгінгі ұрпақтың құндылықтар мен сабақтастықты бағалап, халқымыздың тәуелсіздік жолындағы тарихи еңбегіне ерекше құрмет символы.

Өлкеде қазір 72 этномәдни бірлестік бар. «Этноауыл», «Достық керуені»,»Тілдер мектебі» сынды жобалар сәтті жүзеге асқан. Бүгінгі «Достық үйінің» мерейтойы нағыз думанға айналды. Татулық пен тұрақтылық жолында еңбек етіп  келе жатқан біршама азаматтар арнайы медальмен марапатталды.

Эльмира Ахметова.Жігер Бабаханов