Жамбыл облысында бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

Республика күні қарсаңында Жамбыл облысында бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.

Тұрар Рысқұлов ауданында “Достық үйі” ашылып, этномәдени бірлестік өкілдеріне салтанатты түрде табысталды. Бұған дейін аудандарында Достық үйі болмаған. Жергілікті билік бірлестік өтінішін ескеріп, бос тұрған ғимаратты жаңартқан. Енді аудандағы 10 этномәдени бірлестікке өздерінің мәдениеті мен дәстүрін жаңғыртып, елдің саяси өміріне атсалысуға мүмкіндік бар. Ел президентінің тапсырмасы аясында модульдік полиция бекеті ашылды. Модульдік бекет қызметкерлері тәртіпті қадағалап, тәулік бойы қоғам тыныштығын қамтамасыз етеді.