Шахтада қаза тапқан кеншілердің тізімі жарияланды

Қарағанды облысында орналасқан Ленин атындағы шахтада, қаза тапқандардың тізімі жарияланды.

Олар: жерасты бұрғылау қондырғысының машинистері 1991 жылы туған Дмитрий Бойченко, 1980 жылғы, Андрей Санжаров, 1984 жылы туған Денис Инкин, 1993 жылғы, Арман Қашкей және бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі 1996 жылы дүниеге келген Марғұлан Ынты-беков. Әрқайсысы салада 8-21 жыл аралығында жұмыс істеген. Марқұмдардың ең жасы Марғұлан Ынтыбековтің шахтада, еңбек жолын бастағанына екі ай болған.