Сенат шахтадағы апатқа байланысты Бас прокуратураға сауал жолдады

Төтенше Жағдайлар министрі Юрий Ильин, Қарағанды облысындағы шахтада болған апат себебін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссияға, басшылық ететін болды.

Ал сенат депутаттары «Арселор Митталдың» мәселесі бойынша Бас прокуратураға сауал жолдады. Олар мұндай жағдайда заңды тұр-ғыда кәсіпорын басшылығы мен, құрыл-тайшысы қатар жауапкершілік ар-қалайтынын айтты. Қолданыстағы заңнамада еңбек және өндіріс қауіпсіздігін сақтамаған мекемелердің жұмысын тоқтатуға негіз болатын баптар бар. Егер көпшіліктің өміріне немесе денсаулығына қатер төніп тұрса, прокуратура органдары, осындай шешім қабылдай алады,- деді депутаттар.