Таразда алғаш рет құтқарушылар арасында жарыс өтті

Таразда алғаш рет құтқарушылар арасында жарыс өтті

Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты 5 бөлімнің қызметкерлері сахнада сайысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шығармашылық байқауға жедел құтқару жасағы, өрт сөндіру, апаттар медицина орталығы мен судан құтқару секілді бірнеше құрылымның 25 маманы қатысты. Олардың қатарында сала ардагерлері де бар. 4 кезеңнен тұратын конкурста, департамент мамандары командаларын музыкалық нөмірмен таныстырды. Одан соң жұмыс барысындағы жағдайларды сахналады. Суға батқан адамды құтқарып, газдан  уланған тұрғынға тиісті медициналық көмекті көрсетті. Сондай-ақ зияткерлік сұрақтарға жауап берді.

Ермек Момбаев, облыстық ТЖД бастығы:

- Кеше бүгін осы біздің қызметте, салада қызмет атқарып осы қазіргі таңда бейнеттің зейнетін көріп отырған ардагерлерімізді осы шараға ат салысуға шақырып. Жастарға үлгі болсын, өсиет болсын деген мақсатта орындалып отырған іс шарамыз.

Гүлпатша Рысалдиева, Апаттар медицина орталығының фельдшері:

- Жалпы біз енді тек қана адамды құтқармаймыз, біздің арамызда өнеролі адамдар да бар. Шығармашылығы жағынан, өлең айту жағынан. Сол жағынан өзіміздің өнерімізді көресте біле аламыз. Осы байқауға сол себепті қатысып отырмыз.