«Zhas Project» жобасы қайта қарқын алады

«Zhas Project» жобасы қайта қарқын алады

Жастарды жұмыспен қамтып, олардың жаңа жобаларына грант беру мәселесін реттейтін заң жобасы әзірленді.

Мәжіліс мақұлдады, енді Сенаттың қарауына ұсынылды. Егер қолдау тапса «Zhas Project» жобасы қайта қарқын алады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді. Министр бұдан бөлек жергілікті БАҚ өкілдерімен және зиялы қауыммен кездесті. «Масс-медиа» туралы заңға журналист мәртебесін көтеру туралы ұсыныс енгізілгенін, ақпараттық интернет платформаларды дамыту да күн тәртібінде тұрғанын жеткізді. Сондай-ақ әлеуметтік жобаларды қолдау және жастарды баспанамен қамту сынды тұрғындардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Жастарға байланысты қазір жаңа заң қабылданып жатыр. Мәжілістен өтті енді сенатқа берілді. Ол жерде «NEET жастар» санатын жұмыспен қамту, «Zhas Project» жобасын жүзеге асыру, жастардың санатын айқындау сияқты біршама мәселелер осы заң жобасында қарастырылған.