Алматыда құстар мен ұшақтардың соқтығысуы жиіледі

Биылғы он айда Алматы әуежайында құстар ұшақтарға 8 рет соғылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы мұндай жағдай 34 рет тіркелген екен. Әуежай аумағында аталған оқиғалардың алдын алу үшін бірқатар жұмыс атқарылып жатыр.

Зитцерс Симонс, Алматы Халықаралық әуежайының аға вице-президенті:

- Әуежайдың ауысымдық орнитологиялық қызметті күшейтуге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ қосымша көліктер шығаруға көңіл бөліп жатырмыз. Әсіресе құстарды үркіту үшін көліктерге акустикалық жүйелерді орнатудамыз. Алайда әуежайдың бақылау аймағын алсақ,  мәселе біршама ауқымды. Бірақ біз бұл аймақтарды бақылаймыз және құзіретті мекемелермен жұмыс істейміз, оқыс оқиғалардың алдын алу үшін жергілікті құрылымдармен тығыз байланыстамыз. Жақын аумақтарда қоқыс алаңдары бар. Оларды да иелеріне тазартып тұруды ескертеміз.