Петропавл жылу электр орталығында тағы бір жұмысшы мерт болды

21 жастағы азамат құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде металл құрылғының астында қалып қойған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға қарашаның бесі күні болыпты. Өндірістік жарақат алған жігіт бірден аурухана жеткізілген. Бірақ дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмады. Қазір іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл жыл басынан бері стратегиялық нысанда болған екінші қайғылы жағдай. Наурыз айында биіктігі 150 метр болатын мұржа опырылып, 1984 жылғы машинист қараушы әйел үйіндінің астында қалған еді.