Елімізде әлеуметтік кодекс әзірленді

18 заңның басын біріктіретін жаңа құжат, әлеуметтік саланың барлық бағытын қамтиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір ол Президент әкімшілігінің қарауында жатыр. Бұл жайлы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ақмола облысына жұмыс сапары барысында мәлімдеді.

Жергілікті халықпен кездескен министр, халықты жұмыспен қамту, мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі, жәрдемақы, зейнетақы, түрлі төлемдер жайлы да сөз қозғап, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға барлық мүмкіндіктер жасалып жатқанын жеткізді.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Тек қана ендігі жылдың өзіне Көкшетау облысына 8,5 млрд теңге береміз. Тек қана осындай активные меры дейміз ғой, белсенді түрде қызмет жасайтын қызметтерге бердік. Негізінен жастар практикасы, бірінші жұмыс орны, «Дипломмен ауылға», содан кейін мынау 2,5 проценттік жеңілдетілген кредиттер, болмаса гранттар,  соның ішінде көпбалалы аналар да толық осы шаралардан қолдау алуына болады.