Елімізде 44 «Халық Қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Ері» бар

Олардың ең үлкені 92 жаста. Батырларымыздың әскери және еңбектегі ерліктерін насихаттау – жастарға азаматтық-патриоттық тәрбие берудің негізі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштікті қалыптастыру үшін маңызды, - дейді «Тәуелсіз Қазақстаның халық батырлары»  Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Кеңес Төрағасы, Генерал-лейтенант, Халық Қаһарманы – Бақытжан Ер-таев. Бүгін Астанада аталған бірлестіктің 1-ші Республикалық конференциясы өтті. Тұжырым-дамасы бекітіліп, өңірлерде филиалдарын ашу  мәселелері талқыланды. Жиынға мемлекеттік мекемелердің жоғары басшылары, Парламент депутаттары, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Бақытжан Ертаев, «Tayelsiz qazaqstannyn halyq batyrlary» РҚБ кеңес төрағасы:

 - Міне бүгін бүкіл Қазақстанның Еңбек ерлері, халық батырлары жиналып, сол мақсатыма жеткеніме мен риза болып отырмын. Бұл мақсаттың ең төрінде болашақ жастар батырға қарап, еңбек батырына қарап осындай болсам деген ниетке жетсе екен. Бәукеңнің сөзі есіме түсіп отыр: Ей, қайран қазақ! Мені тірі кезімде сыйламаған өлі кезімде сыйлағаны не керек деген сөзі әлі менің құлағымда. Сол себептен батырлар елмен, жастармен бірге болуы керек.