Павлодарда үй жануарларына арналған орталық ашылады

Қоғамдық бірлестіктердің бастамасымен іске қосылатын орында ит-мысықтарды стерильдеу шаралары жүргізіледі.

Шағын клиника қызметінің бағасы арзан болмақ. Нарықта жануарларды зарарсыздандыру процедурасы тым қымбат. Алдағы уақытта орталыққа мал дәрігері қабылданады. Маман күніне 30-ға жуық операция жасайды. Орталық мамандары жұмыс барысында инновациялық әдіс- тәсілдерді қолданады. Қазіргі таңда операция жасау үшін қажетті құрал-жабдықтардың бәрі алынды.

- Қаңғыбас жануарларды стерильдеу тегін көрсетіледі. Материалдар мен дәрі-дәрмек шығынын өзіміз көтереміз. Ал үй жануарларының иелері үшін бұл процедура басқа клиникаларға қарағанда арзандау болады. Ал мал дәрігерінің қызметіне ақы қажет емес. Шамамен 5 мың теңге көлемінде.