Қонаевта 100-ден астам үй салынады

Алдағы жылдары Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында жүздеген үй салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаланың бас жоспарына сәйкес 1 800 гектар жер игеріліп, қажетті инфрақұрылым жасақталып, әлеуметтік нысандар пайда болады.

Қонаевта өзгеріс көп. Көшелер жөнделіп, аулалар абаттандырылып жатыр. Мәселен Достық пен Мұқанов көшелері кеңейтілді.

Су құбырын төсеу жұмысы басталды. Көріктендіру жоспарына сай 12 көпқабатты үйдің қабырлары әрленіп, сырланып муралдар салынды. Денешынықтыруға арналған құрылғылар орнатылып жатыр. Алдағы бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған нысандар пайда болады. 

Дархан Қарақонысов, Қонаев қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Келесі жылы бізде скэйт парк ашылады. Осы жылы бастап жатырмыз. Үлкен Азиядағы скэйт парк болады. Жоспарланған жұмыс 95 пайызға жасалды.

Қалада баспанаға деген сұраныс артып келеді. Жалдамалы пәтер бағасы күрт қымбаттаған.Тұрғын саны 52 мың адам. Келер жылдары халық саны 20 мың адамға көбейеді деп күтіледі. Сондықтан үй керек. Жалпы шаһарда 240-тан астам көпқабатты үй бар. Биыл 60 пәтерлі 3 үйдің құрылысы басталды. Құрылысы келесі жылы көһктемде аяқталады. Құрылыс нысандарын салуға жеке инвесторлар мен компаниялар тартылып жатыр. 

Нұрлан Қуматаев, Қонаев қаласының әкімі:

- Бас жоспарға байланысты бізде қазір 13 көпқабатты үй бюджет есебінен салынып жатыр. Оның үшеуінің құрылысы басталып кетті. Келесі жылы аяқтаймыз. Қалғанынан орын дайындаймыз. Одан бөлек жәке кәсіпкерлер, инвесторлардың арқасында тағы да 107 үй салынатын болады.

Халық саны артса әлеуметтік нысандарға деген қажеттіліктің туындайтыны анық. Қаланың даму жоспарында бұл жағы да ескерілген. Биыл 10- ықшамауданда 900 орындық мектеп құрылысы басталды.

Келесі жылы «Жайла мектеп» бағдарламасы аясында және екі мектеп құрылысы басталады. Қаланың туристік әлеуеті зор.

Жыл сайын Қапшағайға млннан астам адам келіп демалады. Сондықтан жағажайды жағдайын жақсарту жұмысы да жалғасып жатыр.

Авторлары: А. Садуақас, А. Дүйсембаев