Еліміздің 11 аймағында көктайғақ болады

Еліміздің 11 аймағында жел күшейіп, көктайғақ болады.

Қазгидрометтің болжауынша, Солтүстікте, Шығыс Қазақстан облысының орталығында бұрқасын. Ұлытау облысының солтүстігінде қар жауады.

Қызылорда облысында екпіні секундына 23-28 метрге дейін жететін жел тұрады. Ақтөбе облысының солтүстігінде және Абай облысының орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Шымкентте жел күшейіп, екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Атырау мен Маңғыстау облыстарында да қатты жел.

Астанада түнде қар мол түсті, көшелерді қардан тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Абай болыңыз