Петропавлда жол апатына ұшыраған егіз бала жансақтау бөлімшесінен шығарылды

Петропавл қаласында жол апаты салдарынан жансақтау бөліміне түскен егіз бала хирургия бөлімшесіне ауыстырылды.

Ал 12 жастағы тағы бір баланың жағдайы бірқалыпты ауыр. Кеше дәрігерлер оған шұғыл операция жасап, аяқ сүйегіне темір орнатты. Естеріңізге салайық, жексенбі күні жеңіл көлік аялдамаға соқтысып, 4 адам зардап шеккен болатын. Қазір түрлі дене жарақатын алған әйел де жансақтау бөлімінде жатыр. Ол егіз баланың анасы.

Шыңғыс Нұрғалиев, көп саласы балалар ауруханасының дәрігері:

 - Жансақтау бөлімінде жатқан бала туралы ешқандай да болжам айта алмаймын. Алған жрақаттары өте ауыр. Жарасын жазып болғаннан кейін оны ұзақ оңалту күтіп тұр. Былай есін біледі.