Ертіс өңірінде эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып тұр

Жіті респираторлық вирус жұқтырғандар саны 8 мыңға жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы аптада ауру көрсеткіші екі есеге өсті. Балалар көп ауырып жатыр. Эпидемиологиялық маусым басталғалы 4600 бала  вирус жұқтырған. Мамандар ауру белгілері байқаса,  сыртқа шықпауға және қоғамдық орындарда бетперде киюге кеңес береді.

Вирустан сақтанудың тиімді жолы – вакцина. Облыста иммундау шаралары ақталуға жақын. 90 мыңға жуық павлодарлық екпе ады. Коронавирус жұқтырғандар да бар. Ресми дерек бойынша үш адам емделіп жатыр.

Гүлмира Құлмағамбетова, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- 1 қазаннан бері тұмаудың сегіз дерегі тіркеліп, расталды. Бұл – «В» штампты тұмау. Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі – 14 жасқа толмаған балалар. Көбінесе мектеп, балабақшаларға баратын жеткіншектер. Себебі олар жабық ғимарат ішінде көп уақыт өткізеді.