Қонаев қаласында да сайлау қызу өтіп жатыр

Таң алагеумнен бастап осы уақққа дейін адам аяғы үзілмеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қонаевтағы бұл күн мерекелік іс-шараларға ұласуда. Мысалы, рето автоларды тізгіндеген ардагерлерлер қала көшелерінде арнайы автошеру өткізді. Әр участекті аралап, комиссия мүшелерімен, тұрғындармен дидарласып, науқанның өту барысымен танысты. 

Қанат Жақыпов, спорт ардагері:

Болашақ жаңа Қазақстан үшін.Ойлаймын жақсы болады деп. Әрине бұл бәрімізге байлынысты. Елге байланысты. Бәріміз бір болуымыз керек. 

Алмас Бекжан, қала тұрғыны:

Мен ҚР азаматы болғандықтан Жаңа Қазақстанды таңдаймын. Және де біздің Қазақстанымыз жылдан жылға дами бергенін қалаймын.

Алмас Садуақас, тілші:

– Әр участектегі ахуалды  қоғамдық ұйым өкілдері, саяси партилар мен тәуелсіз байқаушылары қадағалап отыр.

Айта кетейік, Алматы облысы бойынша 970 мыңнан астам адам дауыс беруге құқылы.

Авторлары: Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев