Елорда көшелері қардан тазартылып жатыр

Астана көшелерін ақ ұлпадан тазартуға 2,5 мыңға жуық жұмысшы мен мыңнан аса арнайы техника жұмылдырылды.

Таңертеңнен бері қаладан 5 мыңға жуық қар шығарылды. Күн райының қарайласатын түрі жоқ. Сол үшін бүгін коммунальдық қызметтер түні бойы жұмыс істейді.

Рахат Кенжетаев, «Байқоңыр» ауданы өндірістік- техникалық бөлімінің басшысы:

- Қар жауған кезде бірінше ретте біз тротуарды тазалаймыз, сонан соң остановканы, автобустар кедергісіз жүруініе, сосын мектеп мен садиктердің маңайын тазалаймыз. Адамдарға кедергі болмас үшін.

Қар жауса, қаланың негізгі көшелерінде ұзын-сонар кептеліс пайда болып, тұрғындарды әуре-сарсанға салатыны белгілі. Сол үшін тек орталықты тазартуға 400-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Берік Мұхамеджанов, «Астана тазалық» ЖШС Бас директорының орынбасары:

- Бүгін күндізгі техника 385 болса түңгі сменде 420 данадай техника шығарамыз. Кешеден бері қар жауа бастады. Содан бері біздің жұмысшыларымыз да, арнайы техникамыз да жұмыс істеп жатыр, тоқтаусыз.

Қазір әбігерге салған қалың қармен күрес жалғасып жатыр. Синоптиктердің болжауынша, алдағы уақытта жауын-шашын тоқтайды. Бірақ, күн суытып, елдің біраз бөлігін тұман басуы мүмкін.

Авторлары: Бекзат Аманов, Руслан Әлиев