Қызылордада қоғамдық көліктердің жанармайы қатып қалды

Қызылордада күннің суытуына байланысты қоғамдық көліктердің жанар майы қатып қалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Әсіресе, 12,15,23 бағыттағы автобустар азайып кеткен. Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желілер арқылы шағым білдірген. Осыған орай, қалалық әкімдіктің мамандары арнайы рейд жүргізді. Тексеру барысында нөмірі 10,12,15,16 және 31 бағыттағы қоғамдық көліктердің теңертең және кешкі уақытта жетіспеушілігі байқалған. Ал көлік иелері күннің суытуына байланысты жанармайларының қатып қалып жатқанын жеткізген. «Мұндай бақылау жұмыстары күн сайын жүргізіледі және автобустар саны алдағы уақытта көбейтілетін болады»,-дейді әкімдік өкілдері.