Қазақстандық «Коре Ильбо» газеті Кореядағы әріптестерімен ынтымақтастығын арттырады

Қазақстандық «Коре Ильбо» газеті Кореядағы әріптестерімен ынтымақтастығын арттырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отандық басылымның бас редакторы Константин Ким Оңтүстік Кореядағы ірі аймақтық газет редакцияларында болып, Канвондо провинциясындағы ең үлкен газетпен жаңалықтар алмасу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ қос басылымның журналистері де өзара тәжірибеден өтпек. 

Константин Ким, «Коре Ильбо» газетінің бас редакторы:

- Біз Кореядағы «Коре ильбо» басылымы Қазақстанда сақталған және дамып келе жатқан корей ұлттық газеті екенін айтқымыз келеді. Бұл – тарихи құбылыс. Жалпы мемлекеттің қарым-қатынасы туралы, біздің қазақстандықтардың бір-біріне деген көзқарасы және Қазақстанда жүргізіліп жатқан саясатты ерекше атап өткіміз келеді.