Таразда теміржол өткелінің құрылысы тағы кейінге шегерілді

Таразда теміржол өткелінің құрылысы тағы да кейінге шегерілді.

Бұл мәселе 10 жылдан бері айтылып келеді. Біздің арна тілшілері де бірнеше рет көтерген болатын. Қала билігі ауқымды жобаның қаржысын жергілікті бюджет көтермейді, деп отыр. Үш жолақты шойын жолдың тұсына не бағдаршам не шлагбаум орнатылмаған. Жұрт тоқтаған вагондарды күтуге мәжбүр. Ал тәулігіне қатынайтын 40 мыңға жуық жеңіл көлік 4 шақырым жердегі жер асты өткеліне барады. Жергілікті билік  құрылысқа қажетті қаржыны республика бюджетінен  сұрамақ. Әзірше өткел жобасы қаланың бас жоспарына енгізілді. 

Нұрбол Қалдыбаев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:

- Қанша жер керек? Қандай конфигурациясы болады? Темір жолдың астымен ба, үстімен ба? Екі түрін қарастырып жатырмыз. Қайсысы тиімді болады. Қанша сиымдылығы керек? Соның бәрін мамандар есептеп, соның бәрін есептеп қазіргі таңда зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.