Алматылық ару қой жүнінен қалпақ жасау арқылы қомақты қаржы тауып отыр

Алматылық Қарлығаш Омарова екі жылдан бері қой жүнінен қалпақ жасаумен айналысып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіптің бұл түрімен АҚШ-қа саяхаты кезінде, сол жақтағы шеберханалардың бірінде танысыпты. Бала күнінде әжесімен бірге жүн түтіп, жіп иірген Қарлығаш америкалық шебердің бұл кәсібіне қатты қызығыпты. Ковид кезінде негізгі жұмысы тоқтап қалған ол осы істі бастауға бел буады.

Алматылық Қарлығаш Омарова екі жылдан бері қой жүнінен қалпақ жасаумен айналысып келеді. Кәсіптің бұл түрімен АҚШ-қа саяхаты кезінде, сол жақтағы шеберханалардың бірінде танысыпты. Бала күнінде әжесімен бірге жүн түтіп, жіп иірген Қарлығаш америкалық шебердің бұл кәсібіне қатты қызығыпты. Ковид кезінде негізгі жұмысы тоқтап қалған ол осы істі бастауға бел буады. Толығырақ тілші материалында.

Қарлығаштың алғашқы мамандығы мейрамхана менеджері екен. Ковидке байланысты шектеулер енгізілген соң ол саладан табыс табу қиындай түседі. Енді не істесем деген сұрақ туады. Бірден АҚШ-ғы қалпақ жасайтын шебер есіне түседі. Интернет арқылы зерттеу жасайды. Оның үстіне әже алдын көрген Қарлығаш үшін жүн түту, киізбен жұмыс істеу деген бала күннен таныс еді. Осылайша бизнесті бастап кетеді.

Қарлығаш Омарова, шебер:

- Осы істі бастаған кезімде көбінесе әйелдерге жасаймын деп ойлаған болатынмын. Бірақ та қалай бастадым солай маған еректерден запрос көп келе бастады. Мен өзім оған таңқалып қалдым да сосын ерлерге арналған модельдер линиясын өсіре бастадым.

Қазір жүннен жасалған қалпақтың 20-ға жуық түрін істейді. Әркім өз дене-бітіміне, болмысына сай экслюзивті тапсырыс бере алады. Шеберхананың фабрикалардан бір артықшылығы осы,-дейді Қарлығаш. Бір өкініштісі шикізат шетелден келеді.

Шикізатын шетелден заказ береміз. Бірақ біздің жоспарымызда осы шикізатты елмізде өндіру жоспары бар. Себебі бізде қойдың жүнімен ешқандайда проблема жоқ. Сондықтан біз ойлаймыз біздің алға қойған жоспарымыз жүзеге асады деп.

Қарлығаш көмекшісі екеуі сабаннан да бас киімдер жасайды. Негізгі тапсырыс берушілер жастар. Интернет арқылы шетелдіктер де алып тұрады екен. Оның еңбектерін әншілердің клиптерінен, сән апталықтары мен журнал беттерінен көруге болады. Шебер болашақта кейбір модельдердің өндірісін автоматтандыруды да жоспарлап отыр.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Әбен Нарымбаев