Шетелден әкелінген көлікке талап күшейді

Шетелдік көлігін жарты жылға дейін заңдастырмай жүріп алған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жолда ұсталса 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Жағдай қайталанса екі есе төлейді. Ал үшінші мәрте заң бұзса, 1 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады. Осыған байланысты елге 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген шетелдік көліктерді иелері Қазақстан аумағынан шығаруы керек немесе бөлшектеп сатуы қажет. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев айтты.

Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

- Жалпы бүгінгі кезде Қазақстан Республикасында заңдастыруға жататын автокөліктердің жалпы саны 300 мыңнан асады. Соның ішінде оң жақта рулі бар автокөліктердің саны 20 мыңнан асады. Тапшылықтың нәтижесінде әкеліп отыр ғой. Сондықтан сол халықтың жағдайына түсіністікпен қарап, оларға бірмезгілдік рұқсат берілейін деп отыр.