Құтқарушылардың жалақысы өседі

Құтқарушылардың жалақысы өседі

Төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істейтін құтқарушыларға қосымша ақы төленеді.

Бүгін жауапты ведомство басшысы Юрий Ильин осылай деп мәлімдеді. Төлем сомасы қызметкердің жалақысына байланысты болады, деді ол. Шамамен әр күн үшін 30 мың теңгеден беріледі. Сондай-ақ министр жаңа жылдан бастап барлық маманның еңбекақысы 20 пайызға көбейетінін хабарлады.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Біз Мемлекет басшысына құтқарушылардың жалақысын арттыру жөнінде хат жолдадық. Жоспар бойынша қаңтардың бірінен бастап қызметкерлеріміздің еңбекақысы 20 процентке өседі. Ал ерекше ауыр жағдайда жұмыс істегендерге тағы қосымша ақша төленеді. Орташа есеппен алғанда күніне бұл сома 30 мың теңгені құрайды.