Қостанай облысы Новопокров ауылында фельдшерлік акушерлік пункт ашылды

Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Новопокров ауылында фельдшерлік акушерлік пункт ашылды.

Нысан жергілікті шаруашылық есебінен алты 6 ішінде тұрғызылды. Қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Бірнеше процедуралық кабинеті бар. Мұнда алты жүзден астам адамға медициналық қызмет көрсетуге болады. Бұрыңғы фельдшерлік акушерлік пункт  талапқа сай келмейтін ескі және тар үйде орналасқан еді. Қыста іші салқын болатын – дейді ауылдықтар. Енді ондай проблема болмайды. Себебі, жаңа нысанның  жеке қазандығы жұмыс істеп тұр.

Айнаш Мырзалина, фельдшер:

- Балаларға арналған патронажды, екпе кабинеттері бар. Ең бастысы дәретханасы ішінде. Су кіріп тұр, жуынатын бөлмесі бөлек. Жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Тұрғындар да дән риза. Қазір тексеріліп, қаралушыларда көбейді.