Тәуелсіздік күніне орай елордада жүздеген іс-шара ұйымдастырылған

Тәуелсіздік күніне орай елордада жүздеген іс-шара ұйымдастырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың дені білім беру мекемелері  мен концерттік залдарда 16-шы желтоқсанға дейін өтті. Ал осы демалыс күндері негізінен спорттық жарыстар басталады. Мереке құрметіне садақ атудан Астана Ашық Кубогы өтеді. Биыл «Алғашқы қар» шаңғы маусымының ашылуы да атаулы күнге орайластырылған. Іс-шара шаңғы трассасында бүгін сағат 11.00-де басталады. Сондай-ақ, Тәуелсіздік сарайында барлық санаттар мен жастағы жұптық билерден елорданың ашық чемпионаты ұйымдастырылады. Ал далада өткізуді жоспарлаған іс-шаралар күн райына байланысты жабық ғимараттарға көшірілді.

Дәурен Бабамұрат, қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы:

- Бүгін, ертең және арғыкүні бірқатар іс шаралар бар. олардың көбі негізінен мәдени бағытта. Концерттік іс-шаралар болады. Одан кейін театрларда арнайы қойылымдар болады. Ауа райына байланысты көптеген іс шаралар, сыртта өту керек іс шаралардың барлығы  ғимараттардың ішінде өту керек болып шешім қабылданды. Ауыстырылды.