Өткен тәулікте 203 адамнан коронавирус анықталды

Соңғы тәулікте елімізде 203 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Қазір 2 мың 175 науқас емделіп жатыр. Оның 328-і стационарға жатқызылған. Өзгелері амбулаториялық ем қабылдауда. Ауруханаға жеткізілген 14 науқастың жағдайы ауыр, бір адамның халі мүшкіл. Бір сырқат өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 2 адам аталмыш дерттен жазылып шықты.