Қазақстанда күнтізбеге жаңадан екі мереке енгізу ұсынылды

Қазақстанда мерекелік күндердің тізбесіне екі жаңа мереке енгізу ұсынылды.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына өзгеріс пен толықтыруларды енгізу жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды. Оған сәйкес "Қаржылық мониторинг органдарының күні 28 қаңтар", ал "Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылған күні 15 ақпан" деп көрсетілген. Қоғамдық талқылаудың мерзімі осы жылдың 28 желтоқсанына дейін жалғасады.