Қостанай облысында көктайғақ кесірінен көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қостанай облысында көктайғақ салдарынан, Екатеринбург-Алматы тасжолының Ресейге дейінгі 100 шақырымдық учаскесі жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір аймақта әлі қар аралас жаңбыр жауып тұр. Сол себепті ауа райы тұрақталғанша, көлік қозғалысына уақытша шектеу болады.  Әзірге көлігі сынып, жолда қалғандар туралы ақпарат жоқ. Құтқарушылардың көмегіне ешкім жүгінбеген,- деп хабарлайды облыстық Төтенше жаңғдайлар департаменті.

Сонымен қатар ауа райы бұзылған елдімекендер маңында патрульдік полицейлер кезекшілікте тұр.