Қостанай облысында коронавирус өрши бастады

Соңғы жиырма күнде инфекция жұқтырғандар саны екі жарым есеге көбейген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен айда 48 адам ем қабылдаса, осы айда бұл көрсеткіш 108-ге жеткен. Ауыр халде жатқандар жоқ.  Дегенмен, ары қарай ахуал оңалмаса,  аймақта жаппай маскалық режим енгізілуі мүмкін. Дәрігерлер болса вакцина алушылардың күрт азайғанына алаңдап отыр. Күніне орташа есеппен 100-150 адам екпе салдырады. Қазір QazVac, Синофарм, Пфайзер вакциналары жеткілікті. Жедел респираторлық вирус инфекциясының да қарқыны жоғары. Осыған байланысты жедел жәрдем қызметін шақыру екі есе көбейген.  

Гүлім Досымова, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- 151 адам тұмаумен ауырып жатыр. Олардың арасында 20 проценті балалар, қалғаны ересектер. Былтыр осы уақытта 3 адам ауырды. Қазір 150 адам.