СҚО-да шырша күзеті күшейтілді

Солтүстік Қазақстан облысында орман күзеті күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орманшылар мен тәртіп сақшылары қылқан жапырақтыны қорғау үшін, 31-ші желтоқсанға дейін күні-түні кезекшілік жүргізеді. Браконерлердің жолын кесу мақсатында өңірде 17 стационарлық бекет пен 95 арнайы мобильді топ құрылды.

Орманшылардың жұмысы қызды. Олар қазір аса қырағы. Өңірде қылқан жапырақты ағаштар өсіп тұрған аумақтарға станционарлық бекеттер орнатылып, мобильді топтар құрылды. Себебі шырша саудалана бастаған кезде, бақылауда күшейетіні сөзсіз.  

Рүстем Жанахметов, орман шарушалығының инженері:

- Облыста соңғы рет осыдан төрт жыл бұрын ағаш кесу фактісі тіркелді. Содан бері жағдай тұрақты. Мәселен ағашты шауып алған адам 100 АЕК кқрсеткішке дейін айыппұл арқалауы мүмкін. Ал шығын көлемі одан артық юболса қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынуы да мүмкін.  

Жаңа жыл мерекесіне сән беретін жасыл желекті ағаштардың дені қазір Ресейден әкелініп жатыр. Себебі ел аумағында оны кесуге заңмен қатаң тыйым салынған.

Людмила Бондаренко, сатушы:

- Күніне жоқ дегенде 150-200 ағаш сатылады. Халықтың көбі мейрамға тірі шырша алуға тырысады. Барлығы Ресейдің Алтай өңірінен тасымалданып жатыр. Оны растайтын арнайы құжаттарымыз бар.

Жаңа жылдық безендіруге 75 млн бөлінді

Ал шахарды жаңа жылдық безендіруге жергілікті қазынадан 75 млн теңге бөлінді. Демеушілердің есебінен алынған шырша облыстық әкімдік алдына орнатылады. Ал қысқы демалыс алаңдары қаланың бес ауданында ашылады.

Әсем Айтолла, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Ол жерде түрлі мұздан жасалған горкалар, түрлі мафтар, скульптуралар орнатылатын болады. Ол үшін бізде биылғы жылы 75 млн теңге бөлінген болатын, бюджеттік қаржыдан. Ал жаңа жылдық әсемдеуге келетін болсақ, ол мынау спонсорлардың арқасында жасалады.

Соңғы 2-3 жылда бұл мақсатқа бюджеттен мүлдем қаржы бөлінбеген еді. Яғни миллиондаған ақша бір күндік мерекеге емес, көп жылдық берекеге жұмсалатын.