А. Сейдімбектің шығармашылығына арналған халықаралық конференция өтті

Ақселеу Сейдімбектің шығармашылығына арналған халықаралық конференция өтті.

Белгілі этнограф-жазушының еңбектерін талқылауға Түркия, Ресей, Өзбекстаннан қоғам қайраткерлері елге арнайы келген. Әдебиеттанудағы жаңа бағыттар, Ақселеу Сейдімбек қалдырған мол мұраны насихаттау жиынның басты мұраты. Сондай-ақ жазушы өмірі мен шығармашылығына арналған фильм көрсетілді.  

Серікзат Дүйсенғазы, ЕҰУ кафедра меңгерушісі:

- Ақселеу ағамыз жайында көп нәрсе айтуға болады. Ақселеу ағамыздың сіңірген еңбегі, ол кісінің ғылымда жасаған дүниесінен бөлек,мысалы күй өнеріне байланысты қазақтың ауызша тарихына байланысты ол кісінің жазған үлкен том-том еңбектері бар.