Елордада I ауысымның бастауыш класс оқушылары қашықтан оқиды

Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын, қар жауады, шығыстың таулы аудандарында қалың қар түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республикамыздың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түсіп, батыста, оңтүстік-шығыста - көктайғақ, Қазақстанның солтүстігінде, батыс және оңтүстігінде жел күшейіп, бұрқасын күтіледі. Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда мектептеріндегі бірінші ауысымның бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады.