Алматыда «Тағзым» мемориалы ашылды

«Тағзым» мемориалының ашылуына қала тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Әр ұлттың басынан өткеретін сын кезеңдер болады. Сол сынақтан жаңылмай, сағын сындырмай өткен ұрпақ қана өзінің елдігін сақтап, болашағын қалыптастырады», - дейді жазушы Нұрлан Оразалин.

Нұрлан Оразалин, жазушы:

- Дәл осы қаңтардың қасіретті күні бізді тәрбиелейтін, болашаққа ұмтылатын және өзмізді ұлт ретінде халық ретінде, мемлекет ретінде сақтаудың қаншама қадірлі, қасиетті екенін сезінтетін кезең болды.

Мереке Құлкенов, жазушы:

- Жас ұрпағын әкеліп ақылды адамдарымыздың, кемеңгерлеріміздің сөзін оқытып, осы жерде қазақ деген халықтың тәрбиесінің үлкен мәні болады деп ойлаймын.

Борис Жапаров, қоғам белсендісі:

- Елдің басынан өткен осындай қайғылы оқиға елдің есінде қалу керек. Құрбандары есте қалу керек, Тарихтан тағзым деген сөз бар. Содан сабақ алуымыз керек.