Таразда 365 көшенің ауыз су желісі тозып тұр

Таразда 365 көшенің ауыз су желісі тозып тұр. 139 шақырымды құрайтын су жүйесінің 85-90% шіріп кеткен.

Су құбырлары 40 жылдан аса уақыт иесіз жатыр. Толғаулы мәселе келер жылдан бастап шешімін табады. Қала билігі су тарату желілерін әкімдіктің есебіне алып, жөндейтін болды.

Әлима Төлебаева 20 жылдан бері қала орталығындағы Саят Тәкенов көшесінде тұрады. Ақ жаулықтының сөзінше мұндағы су тарату желісі өткен ғасырдың 80-жылдары салынған. Содан бері жөндеу көрмепті. Сондықтан құбыры жиі жарылып, қарашаның сусыз қалатын жағдайы болады.

Әлима Төлебаева, қала тұрғыны:

Фазлаева мен Тәкенованың бұрышында ылғи порыв болып, құбыр жарылады. Жиі-жиі жарылады. Енді трубалар ескірген шығар енді. Совет үкіметінен қалған трубалар ғой.

Сушылар 2 жылдық зерделеу нәтижесінде ешқандай мекеменің иелігінде жоқ 365 көшедегі су желісін анықталған. Олардың 90% тозғандықтан, су тарату мекемесін де шығынға ұшыратып отыр.

Дархан Құлтасов, «Жамбыл су» МКК бөлім басшысы:

- Көп шығындар шығып жатыр біздің суымыз кетіп жатыр сол жақтан. Не схемасы жоқ, не ешқандай құдығы жоқ. Енді халық сусыз қалып қалмауы үшін арасында оны жөндемесек те болмайды. Ол біздің обонемент болғасын жөндеп беріп жатамыз.

Мәселені шешу үшін жауаптылар 139 шақырым су жүйесін, келер жылдан бастап қала әкімдігінің балансына алады.

Абылай Тоғайбек, Тараз қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- Енді біз теңгерімге алған соң ары қарай бұның жөндеу жұмыстарын, ауыстыру жұмыстарын жүргізетін боламыз. Ең ескілерін бастап жөнделеді. Біз 2023 жылға 24 көшені жоспарлап отырмыз. Сондай жоспармен біз бұл көшелерді толық жөндеп бітеміз деп ойлап отырмыз.

Жауапты бөлім 50 көшеге алдын ала есептеу жүргізіп, 500 млн теңге қажет деп тапқан. Бұл қаржы келер жылдан бастап жергілікті бюджеттен бөлінеді.  Солайша 2025 жылға дейін иесіз жатқан су құбырларының мәселені кезең-кезеңімен шешілмек.

Авторлары: Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә