Бір тәулікте 163 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 163 адамнан коронавирус анықталды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде 2663 адам ем қабылдауда. Оның ішінде 350-і стационарда, 2 мың 313 науқас амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр. 11 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің халі мүшкіл. Ал екі азамат өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.